Ал екінші орын норвегиялық Магнус Карлсенге бұйырса, қола жүлде тағы бір ресейлік шахматшы Сергей Карякиннің қанжығасын майлады.
Турнирдің аяқталуына орай өткізілген баспасөз мәслихатында әлем чемпионы атанған А.Грищук жарыстың алғашқы күнінде-ақ ауырып қалғанына байланысты жеңіске жетемін деген ойының болмағандығын ашық айтты. «Мен рапид жарысының алғашқы күнінде-ақ ауырып қалдым әрі қазір де ауырып отырмын. Сондықтан жеңіске жетемін деген ой болмап еді», - деді.
Айта кетейік, шахмат әлеміндегі айтулы шараға әлемнің танымал 16 гроссмейстері жиналған болатын. Олардың қатарында Магнус Карлсен, Сергей Карякин, Борис Гельфанд, Веселин Топалов, Василий Иванчук, Теймур Раджабов, Александр Грищук сынды ойыншылар болды. Еліміздің намысын Павел Коцур мен Ринат Жұмабаев қорғаған еді.
Астана күнін мерекелеу аясында өткен чемпионатты Астана қаласы әкімшілігінің, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Мәдениет және ақпарат министрілігің қолдауымен Қазақстан Республикасының шахмат федерациясы және FIDЕ халықаралық шахмат федерациясы ұйымдастырды.