Жедел штаб жұмысының нәтижесінде көлік-логистика саласында бірқатар істер жүзеге асырылды - Баталов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жедел штаб жұмысының нәтижесінде көлік-логистика саласында бірқатар істер сәтті жүзеге асырылды, деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұр-Сұлтанда Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

Кеңеске қатысушылар сауда саласындағы техникалық реттеу шараларын талқылады.