Жедел жәрдем бригадаларының жүргізушілері марапатталды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысында жедел жәрдем қызметінің 22 жүргізушісі «Үздік автокөлікші» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

«Үздік автокөлікші» төсбелгісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің ведомстволық наградасы.

Абай обылысында бұл марапатқа жедел жәрдем қызметінің 22 жүргізушісі ие болды.

«Жедел жәрдем әрбір науқастың денсаулығы мен өмірі үшін ұйымдасқан түрде атқарылатын медицина саласындағы өте жауапты қызмет. Бұл қызметте жүргізушілердің кәсібилігі мен өмірлік тәжірибесі сынға түсіп, дер уақытында керекті ауруханға науқасты жеткізу маңызды», - делінген әкімдік хабарламасында.
Жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері Владимир Ли атап өткендей, марапатқа лайықтыларды іріктеу барысында жүргізушілердің жұмыс өтілі, тәжірибесі ғана ескеріліп қоймай, жұмыс және одан тыс уақытта жол-көлік оқиғаларының болмауы да ескерілді.