Жедел жәрдем көлігі апатқа ұшыраған Boeing 777 ұшағының жолаушысын басып кеткен

АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - Сот-медициналық сараптама нәтижелері Boeing 777 ұшағының жолаушысын оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем көлігі басып кеткендігін анықтады.

Бұл туралы 24.kz хабарлады.

16 жасар қыз ұшақ апатынан аман қалған болатын. Өрт сөндіру басқармасы жалынды ауыздықтауға арналған көбіктің астында көрінбей жатқан жолаушыны өрт сөндіру көлігінің басып кетуі мүмкін дейді. Естеріңізге сала кетейік, Сеулден бағыт алған Boeing 777 ұшағы Сан-Францискоға қонар кезде апатқа ұшыраған. 180-нен астам жолаушы түрлі жарақат алып, Қытай елінің 3 студенті көз жұмды.