Жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, бес адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ганьсу провинциясының (Солтүстік-Батыс Қытай) Юймэнь қаласында кеше, 12 қазанда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, салдарынан бес адам қаза тауып, үш адам зардап шекті.

Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Жергілікті полицияның деректеріне қарағанда, ауыр жағдайдағы науқасты және оның туысқандарын әкеле жатқан көлік жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылған.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Оқиға себептерін анықтау үшін тергеу басталды.