Жедел жәрдем көлігіне жиектастардың тиелуі: Станция басшылығы жауапқа тартылды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында мамандандырылған медициналық көлікке құрылыс материалдары тиелгені үшін жедел жәрдем станциясының басшылары жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысыныңДенсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем көлігін мақсатсыз пайдалану дерегібойынша қызметтік тергеу жүргізілгенін мәлім етті. Нәтижесінде облыстық Жеделмедициналық жәрдем станциясының директоры мен Сәтбаев қаласының қосалқыстанциясының меңгерушісі жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, өткендемалыс күндері Қарағандының танымал пабликтерінің бірінде фельдшер формасынкиген адамдар жедел жәрдем көлігіне жиектастар тиеп жатқаны туралы видеожарияланған болатын. Ол халық арасында дау тудырып, аз уақыт аралығында видеонықарап шыққандар саны бірнеше мыңды құрады.

Бүгін Денсаулық сақтаубасқармасында мамандандырылған автокөлікті мақсатсыз пайдалану жағдайынақатысты түсініктеме берілді.

«Бұл жағдай Сәтбаевқаласында биылғы 27 шілдеде болды. Қосалқы станция аумағындағы автотұрақтыжабдықтау үшін блоктар тасымалданған. Алайда, қосалқы станция меңгерушісіжоғары тұрған басшылықты арнайы көлік қажеттілігі туралы хабардар етпей,жөндеуде тұрған жедел жәрдем машинасын пайдалану туралы шешім қабылдаған. Сәтбаевқаласының қосалқы станция меңгерушісі тәртіптік жауапкершілікке тартылады.Сондай-ақ, облыстық Жедел медициналық жәрдем станциясының директорына тиістібақылауды жүзеге асырмағаны үшін ескерту жарияланды», - деп хабарладыведомствоның баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ Денсаулықсақтау басқармасы Сәтбаев қаласында 6 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмысістейтінін және бұл жағдай халыққақызмет көрсету сапасына еш әсер етпегенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар