««Дәл қазір және дәл осы жерде» қағидаты бойынша мәселелерді жедел шешу үшін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында 1406 байланыс орталығы құрылған. Осы нөмірге хабарласқан адам ем-дом бойынша кеңес немесе медициналық көмек ала алады. Шағымды да осы нөмірге қалдыруға болады», - деді министрліктен.
1406 байланыс орталығы 24/7/365 режимінде жұмыс жасайды.
Сонымен бірге Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Qoldau 24/7» мобильдік қосымшасын іске қосқан.
Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният жедел жәрдем қызметкерлері шақырту түскен жағдайда жағымсыз жағдайлармен жиі кездесіп жатқанын, жалпы ол қызметтегі мамандардың жұмысына түсіністікпен қарауға шақырған еді.