Жарыстың ашылусалтанатына ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысып, бұл шара текконкурстық сипат алмай, тәжірибе алмасып, біліктілік шыңдайтындай басқосу болуытиіс екенін айтты.
«Министрлік жеделжәрдем қызметін реформалауға үлкен мән беріп отыр. Өздеріңіз білесіздер, екіжыл ішінде саладағы стандарттар мен ережелерді өзгерттік. Өткен жыл мен оныңалдындағы жылға қарағанда биыл жедел жәрдемнің жету уақыты 25 минуттан 15минутқа қысқарды. Бұл халықаралық стандартқа жақын. Жедел жәрдем өкілдерініңнегізгі бөлігін базалық стандарттар бойынша оқыттық. Осының арқасында шетінжағдайлар азайып, жан сақтау шараларының нәтижесі жақсарды», - деді ведомствобасшысы.
Елжан Біртановтыңайтуынша, саланы жетілдіру әлі де бірнеше жылға жалғаспақ.
«Бұл реформалар әліжалғасады. Ол үшін негізгі деген үш бағыттты айқындап алдық. Қазіргі таңдажедел жәрдем қызметінің жүктемесі өте тығыз. Көптеген елдермен салыстырғандахалықтың саны мен жедел жәрдем шақыру санының ара қатынасы бізде өте жоғары.Тіпті бұл тұрғыда жағдайы бізге ұқсас деген Түркияның өзінде бұл көрсеткішбізден әлдеқайда төмен. Жедел жәрдемге медицналық көмектің анықтамалыққызметіндей қарайтындар бар. Сол үшін бастапқы медициналық көмек пен учаскелікдәрігерлердің рөлін көтермекпіз. Негізгі аурулармен солар айналысып, жеделжәрдем тек шұғыл жағдайларда көмекке келу керек. Яғни, адамдар кез келгенжағдай бойынша жедел жәрдемге жүгінуге мәжбүр болмауы керек. Биыл бірінші ретжедел жәрдемге жүгінушілер саны азайып отыр. Жыл басында Елбасы жедел жәрдем қызметін толықтай машинамен жабдықтаудытапсырған болатын. Осы жылдан бастап сол тапсырма аясында арнайы бағдарламаныіске асырамыз. Екі жыл ішінде жедел жәрдем өкілдері 800 стандартты көлікпенқамтылатын болады. Бұл көліктерді отандық кәсіпорындар жетілген стандартбойынша құрастырып жатыр. Бұл сіздердің жұмыстарыңызды жеңілдетіп,қызметтеріңіздің тиімділігін арттырады», - деді министр.
Фото: Виктор Федюнин