Диллион су қоймасының өрт сөндірушілер бригадасы осы келеңсіз жағдайдың орын алғандығын растады. Бұдан басқа олар тікұшақтың автомобиль тұрағына құлап, артынша жанып кеткендігін айтты.
Оқыс оқиғаны көргендердің сөздеріне қарағанда, тікұшақ жерден көтерілген соң, тиісті биіктікке жете алмай төмен құлдилаған.
Жергілікті полицияның хабарлауынша, ешкім опат болмаған. Алдын ала ақпаратқа қарағанда, үш адам зардап шеккен. Олардың жарақаттарының қандай дәрежеде екендігі әзірше белгісіз.