Аталмыш шара туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасында жазды.
«Жарайсыңдар, әріптестер. Қолдағандарыңыз үшін рахмет. Достар, тағы бір мәрте еске сала кетейін – қазір төтенше жағдай талаптарын қатаң сақтаудың маңызы өте зор. Үйде және табиғат аясында көп адам шақырып, той жасамаңыздар, сауық кешін өткізбеңіздер. Бұл әсіресе өңірлердегі халыққа тікелей қатысты. Нұр-Сұлтан мен Алматыда COVID-19 жұқтырғандар саны әлдеқайда азайды, бұл карантин талаптарын сақтаудың арқасында ғана мүмкін болып отыр. Алайда облыстарда науқастар саны күннен күнге өсіп жатыр», - деп жазады министр.
Оның айтуынша, бұл – өте жылдам тарайтын індет.
«Еліміздегі коронавирусқа шалдыққандардың 80 пайызы – осылай біреумен байланысып жұқтырған. Сондықтан 2/2/2 ережесін сақтаңыздар, бұл дегеніміз – тағы 2 апта үйде отыру, бір-біріміздің арамызда 2 метр қашықтық сақтау және екі адамнан артық жиналмау», - дейді Елжан Біртанов.