Бұл туралы ҚазАқпарат Қырғызстанның Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қол қойған Жарлыққа сәйкес, Қырғызстан Конституциясының 65-бабы, 87 бабының 1,2,3 бөлімі, 13-бабының 1 бөлімі, 4 тармақшасы, 23-бабының 3бөлімі, 1 тармақшасы және 23-бабының 4 бөліміне сәйкес Қырғызстан премьер-министрі Кубатбек Боронов отставкаға жіберілді», - делінген хабарламада.
Қырғызстан үкіметі де отставкаға кетті деп саналады.
Жарлыққа сәйкес, елде премьер-министр, бірінші вице-премьер-министр, вице-премьер-министрлер, үкімет мүшелері қызметін атқарған тұлғалар Қырғызстан үкіметінің жаңа құрамы қалыптастырылған уақытқа дейін бұрын атқарған қызметтеріне сәйкес міндеттерін атқарады.
Жарлық қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.