Жээнбеков пен Рахмон шекара маңы аудандарының тұрғындарымен кездесті

Фото: None
БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Бүгін, 26 шілде күні, Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері Сооронбай Жээнбеков пен Эмомали Рахмон бірлесіп, Баткен ауданының Ақсай ауылы мен Исфара қаласы Ворух ауылдық кеңесінің Тоджикон елді мекені тұсындағы қиылысқан учаскесінде шекара маңында орналасқан аудандардың тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

ҚырғызРеспубликасы президентінің ақпарат саясаты бөлімінің мәліметінше, екі елдіңбасшылары ресми делегация мүшелерін таныстырып өткен.

Жергіліктітұрғындармен кездесу барысында қос елдің президенттері екі халық арасындағыбірлік пен келісімді, ғасырлар бойғы достық қарым-қатынасты сақтап қалған жөнболатынын және тараптардың шекарада орын алған барлық қиындықтарды жою үшінқажетті шараларды қабылдауға дайын екенін атап өтті.

ЖээнбековҚырғызстан елі Тәжікстанмен бауырластық қарым-қатынасты қадірлейтініне ерекше тоқталды.

«Бізшекарада орналасқан аудандарда тұратын халықтарымыздың жағдайын жақсы білеміз.Барлық шешілмеген мәселелерден хабардармыз және жергілікті тұрғындардың қиындықкөрмеуі үшін қолымыздан келгенін жасауға әзірміз. Шекарамызды бірлік, достықпен көршілік қақпасы еткіміз келеді. Шешілмейтін мәселе жоқ деп ойлаймын», -деді Жээнбеков.

Екіелдің басшыларының келіссөздері ертең, 27 шілдеде, Шолпан Ата қаласындажалғасады.


Соңғы жаңалықтар