«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заң жобасымен біздің еліміздегі жеке басты куәландыратын құжаттардың құқықтық негізін айқындау мәселелері көзделіп отыр. Сонымен қатар, заң жобасында жеке басты куәландыратын сипаттағы құжатқа анықтама бірегейлендіріледі. Бұдан бөлек, жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің тұтастай тізбелері анықталады. Құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті айқындалады», - дейді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, депутат Рахмет Мұқашев.
Бұдан бөлек, заң жобасымен жеке басты куәландыратын құжатты рәсімдеу, беру, ауыстыру, өткізу, алып қою және жою талаптары белгіленетіні көзделіп отыр.
Заң жобасы Мәжіліс комитетінде құрылатын жұмыс тобында талқыға түседі.