Бұл туралы бүгін Астанада баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбеков мәлім етті.
Қазіргі уақытта қылмыскерлер анықталып, ұсталды. Қайрат Тыныбековтың айтуынша, оқиға 3 мамыр күні Алматы қаласындағы Әуезов ауданында орын алған. «Бетперде киген 5 адам жеке кәсіпкерлердің бірінің үйіне кіріп, үй қызметшісін қорқытып, оны байлап, ішінде сомасы 2,5 млн. теңге, 20 мың АҚШ доллары, алтын бұйымдары бар сейфті ұрлап, ізін суытқан. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 12 млн. теңге»,-деді ол.
Жалпы мамыр айында республикада 267 тонау қылмыстары жасалған. Олардың 63 пайызы «ізі суымай» ашылды.