Министрдің сөзіне қарағанда, Ресей өңірлерінде алкоголь акциздерінен түсімдер төмендеген. Бұған ресейлік акциздік ставкалардан айтарлықтай төмен Қазақстанның алкогольдік өнімдерінің «сұрғылт» импорты себеп болуда. Атап айтқанда, Қазақстан мен Беларусьтен алкогольдік өнімнің тасымалына ешқандай шектеу бекітілмеген.
11:03, 21 Қыркүйек 2014
Жеке қажеттіліктер үшін РФ-ке КО елдерінен алкоголь тасымалы 5 литрмен шектелмек
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Үкіметі азаматтардың жеке қажеттілігі үшін Ресейге Қазақстан мен Беларусь елінен алкогольді баж салығынсыз әкелудің шекті көлемін бес литрмен шектеу мәселесін қарастыруда. Бұл туралы РФ-тің Қаржы министрі Антон Силуанов мәлім етті, деп хабарлады ресейлік БАҚ.