Бұл туралы Электрондық үкіметтің баспасөз қызметінен хабарланды.
Өтініш берушіге онлайн-өтініш толтырып, оны электрондық цифрлік қолтаңбамен бекіту керек. Өтініш жіберілгеннен кейін 15 минут ішінде пайдаланушының жеке кабинетіне жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама түрінде немесе ақпараттың жоқтығы жайлы хабарлама келіп түседі. Жергілікті әкімдіктерде осы қызмет түрін көрсету мерзімі - екі күнге дейін.
Қызмет «Е-әкімдік» ақпараттық жүйе негізінде іске асырылып, тегін көрсетіледі. Е-үкімет порталында бұл қызмет «Әлеуметтік қамсыздандыру» тарауының, «Отбасыларға көмек» бөлімінде орналасқан. Қазіргі уақытта қызмет Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына ғана мүмкін. Пилоттық режим аяқталғаннан кейін, жеке қосалқы шаруашылық туралы онлайн анықтаманы мемлекеттің барлық аймақ тұрғындары ала алатын болады.