Жеке құрылыс салуға арналған жерлерді түгендеу толығымен аяқталды - Үкімет

АСТАНА.  14 тамыз. ҚазАқпарат -  Жеке құрылыс салуға арналған жерлерді түгендеу  толығымен аяқталды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров мәлім етті.

Агенттік төрағасының айтуынша, өңірлік жұмыс топтарының мәліметтеріне қарағанда, ұсынылған 366 мың жер учаскесінің 305 немесе 84 пайызы түгіендеуге жатты. Ал қалғаны түгендеу барысында игерілген болып табылады.

«Айта кетерлігі, түгендеу жүргізу кезінде аталған акцияның өзі жер учаскелерін игеруге қарқын беріп, жергілікті жерлерде осы бағыттағы белсенділік пайда болды. Сонымен қатар, 44 мыңға жуық учаске әлі де игерілмеген немесе заң бұза отырып игерілген болып табылады. Бұл барлық зерттелген учаскелердің 14 пайызын құрайды. Соның ішінде түгендеу барысында 9 мыңға тарта немесе 1 мың гектар жер  келісім-шартты бұзу жолымен мемлекеттік меншікке қайтарылды», - деді агенттік төрағасы.