«Атап айтқанда, атқарушылық іс жүргізу органдары қызметінің тиімділігін, олардың рөлін, мәртебесін арттыруға, жеке сот орындаушылары институтын жетілдіруге ерекше назар аударылуда. Мемлекет басшысының бастамасы бойынша құрылған жеке сот орындаушылары институтын дамыту заңның үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы институционалдық реформаларды іске асыру іс-шараларының бірі ретінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көзделген.Мәселен, 2016 жылдан бастап оларға атқарушылық құжаттарының барлық санаттары түгелдей дерлік беріледі. Мемлекеттік сот орындаушыларының құзырында мемлекет мүддесіне өндірілген көшіру, қоныстандыру, бұзу, жер телімдерін тәркілеу және мемлекет пайдасына тиесілі 1000 айлық есептік көрсеткіштен асатын қаражат сомаларын өндіру қалады»,-делінген министрлік мәліметінде.
Статистикалық есептілікке сәйкес, былтыр жыл соңында жеке сот орындаушыларының орындауына 671 мың құжат қабылданған, бұл барлық атқарушылық іс жүргізудің 40 пайызға жуығын құрайды.