Бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында баяндама жасаған Әділет министрі Берік Имашев осылай айтты.
«Сот орындаушысының атқарған сомасы мен оны атқарудың түріне орай 5-25 пайыз ставкасымен ынталандыру ақысы есептелетін болады. Бұл ретте қарыз сомасы жоғары болған сайын, ставка төмендей түседі», - деді министр. Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі күні сот орындаушылары саласында проблемалар баршылық. «Мәселен, егер «Атқарушылық өндіріс туралы» 1998 жылғы заңға сәйкес, бір судьяға бір сот орындаушысынан келген болса, қазір 2 мың 241 судьяға 1 мың 474 сот орындаушыларынан келіп отыр. Ал жыл сайынғы жүктеме бұдан да зор. Мәселен, бір сот атқарушысына бір айға шамамен 98 өндірістік істен тиеді. Ал қалыптасқан норма 22 болуы шарт еді», - дейді ведомство басшысы.