Жеке тікұшақ Онега көліне құлап түсті

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат - Карелияда жеке Robinson R44 апатқа ұшырады,

деп хабарлады РБК агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, төтенше оқиға мәскеу уақытымен сағат 14:00-те Петрозавод қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде болған. Жеке тікұшақ апатқа ұшырап, Онега көліне жағалаудан 7 шақырым қашықтықта құлады.

Оқиға салдарынан 2 адам мерт болды. Олардың аты-жөндері хабарланған жоқ. Тікұшақтың кімдікі екені де айтылған жоқ.

Құтқару операцияларына 22 адам және 10 бірлік техника қатыстырылды. Апаттың себептерін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.