Заң жобасы Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын, бизнес пен азаматтарды қолдау жөніндегі бастамаларды, салықтық әкімшілендіруді жақсарту жөніндегі шараларды, оның ішінде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында әзірленді.
Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мәліметіне қарағанда, аталған заң жобасының аясында:
- шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50%-ын шетел валютасын теңгеге айырбастауды жүзеге асырған бизнес субъектілерінің тауарлардың экспорты кезінде 80 пайызға дейінгі мөлшерде ҚҚС-ты оңайлатылған тәртіппен қайтаруды жүргізу;
- салық төлеушінің паспортын енгізу;
- Президенттің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасын орындау мақсатында ең төмен жалақыны есептік көрсеткіш ретінде оны ең төмен есептік көрсеткішке (АЕК) ауыстыру жолымен пайдалануды алып тастау;
- салық төлеушілерді жеке тұлғаларды алдағы төлемдер мен салықтық қарыздар туралы, оның ішінде банктердің мобильдік қосымшалары және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ арқылы хабардар ету;
- 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жүк көтергіштігіне қарай жүк автомобильдері үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша жекелеген көлік құралдарына салықты есептеу құқығын беру;
- салықтарды төлеу бойынша бір жылдан астам мерзімге тек жылжымайтын мүлік кепілімен немесе банк кепілдігімен бөліп төлеу ұсынылады. Жеке тұлғаның тұрғын үйін кепіл ретінде қабылдауға шектеу енгізіледі.