Жекеменшік «Ай Мар» бала бақшасы 75 тәрбиеленушіні қабылдады-Көкшетау қаласы

None
КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Көкшетау қаласында «Ай Мар» жекеменшік бала бақшасы 75 бүлдіршінге есігін айқара ашты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл облыс орталығында кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі аясында іске қосылып отырған алғашқы мектеп жасына дейінгі мекеме. Оның ұйытқысы болған кәсіпкер Марат Бақашалов. Мұнда үш топ ескерілген. Онда 6 тәрбиеші, көркемдік жетекші, екі әдіскер, ағылшын тілі маманы қызмет көрсетеді. Балғындар орталығындағы көркем өнер, спорт және музыка залдары тиісті қажеттіліктермен толықтай жасақталған. Жатар орны, асхана, ойын бөлмелеріне жаңа жиһаздар қойылып, балғындардың қалыпты тынығуына мүмкіндік жасалып отыр. Бір ескерері бақшаға 1,5 және 6 жас аралығында бүлдіршіндер қабылданады. Ал оларды екі мезгіл тасымалдау мекеменің «Газель» шағын автобусымен жүзеге асырылады. Айлық төлем 25 мың теңге мөлшерінде белгіленген.