Бұл туралы бүгін «BNews.kz» порталында өткен онлайн-конференция барысында ҚР Президенттігіне кандидат Мэлс Елеусізов айтты.
Құнарлы жерлерді жеке меншікке беруге қарсы болғандығын атап өткен ол: «Жерді иеленіп, дегенмен онда ештеңе істемейтін, сату үшін ұтымды сәтті күтетін адамдардан оны қайтарып алу керек. Оларға жұмсаған шығындарын ғана төлеу қажет. Ал жер онда жұмыс істеуге ниеті бар адамдарда болғаны дұрыс», - деді.
Бұл орайда оның пікірінше, тұрғындардың диқаншылықпен айналысуы үшін жағдай жасап, өз өнімдерін сатуға қол үшін берген абзал. Сондай-ақ 20 жылдан астам өз тікелей айналысып келе жатқан қоршаған ортаны қорғау мәселесіне де тоқталған М.Елеусізов экология туралы заңнамаға өзгеріс енгізу қажет деп санайды. Дегенмен Қоршаған ортаны қорғау миинстрлігінің бұл бағытта атқарып жатқан жұмыстарына көзқарасы оң екендігін де жасырмады.