Жекеменшік тұрғын үйде болған өрт төрт адамның өмірін қиып кетті, оның ішінде нәресте бар - ТЖМ

АСТАНА. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат - Петропавл қаласындағы жекеменшік тұрғын үйден шыққан өртте бір отбасының мүшелері қаза тапты, оның ішінде 5 жасар нәресте бар,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желтоқсанның 9-ы күні 1 сағат 23 минутта Тепловозная, 22 мекен-жайында орналасқан жекеменшік тұрғын үйдің 70 шаршы метр аумағына жайылған өртті сөндіру барысында 31 жастағы екі, 20 жастағы бір адамның және 5 жасар сәбидің денелері табылды.

Баспасөз қызметінен мәлімдегендей, тұрғын үй шпалдан тұрғызылған.

Тілсіз жау ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің күшімен 3 сағат 10 минуттан кейін жеке құрамдағы 15 адам және 3  техниканың күшімен ауыздықталды.