Өрт бір сағаттан кейін жойылды. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД-нің өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 12 қызметкері мен 3 техника бірлігі және ҚР Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінің 13 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.
Өрт салдарынан термиялық күйік шалған үш жұмысшы ауруханаға жатқызылды.
Қызылорда облысының Әйтекеби кентінде үйдің ауласында тұрған вагон өртене бастады. Өрт бір сағаттан кейін толығымен жойылды.
Онымен ҚР ТЖМ Қызылорда облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 15 адамы мен 3 техникасы күресті. Жалын тілі 36 шаршы метрге тараған. Оқиға орнында 3 жасар баланың мүрдесі анықталды.
Шығыс Қазақстан облысының Медведка ауылында бүгін түнде тұрғын үйде өрт болды. Ол бір сағаттан кейін ауыздықталып, тағы 4,5 сағаттан кейін толық жойылды. Онымен күресте ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 8 адамы мен 2 техника бірлігі жұмылдырылды.
Өрт аумағы 80 шаршы метрді құрады. Оқиға орнында 14, 9 және 3 жасар балалардың мүрделері анықталды.