Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің өңір бойынша тергеу басқармасының сайтында хабарланды.
25 шілдеде, сейсенбіде Тяжинск ауданында жекеменшік үйдің жерқоймасынан 75 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Оқиға орнына жедел тергеу тобы мен құтқарушылар жетті. ТЖМ 4 қызметкері мүрдені сыртқа шығару үшін жерқоймаға түсті. Алайда бірнеше уақыттан кейін олар байланысқа шықпай қалды.
Екінші жасақ жерқоймадан 4 қаза тапқан адамның мүрдесін сыртқа алып шықты. Тағы бір құтқарушы уланған белгілермен ауруханаға жатқызылды.
Күндіз ер адам жерқоймаға түсіп, шыға алмаған, туыстары ТЖМ көмекке шақырған.