— Қазіргі таңда мемлекеттік ғылыми ұйымдардың мәселен, ғылым докторлары 56 күндік ақылы еңбек демалысын алады. Ал жекеменшік ұйымдарда ондай міндет жоқ. Сондықтан көбі тіпті 30 күнге жуық еңбек демалысына шығып отыр. Енді біз мемлекеттік тапсырыс алатын жекеменшік ғылыми ұйымдарда да дәл осы 56 күндік еңбек демалысын беруді ұсынып отырмыз. Ғылым ортақ, талап та, құқық та ортақ болуы тиіс, — деді Асхат Аймағамбетов.
Мәжіліс депутатының айтуынша, ғалымдардың қызметін дербес жоспарлауына, нәтижелерін еркін жариялауына, академиялық еркіндігіне байланысты құқықтары бойынша нақты нормалар қарастырылып отыр.
Айта кетейік, аталған заң жобасы аясында ғылыми жобаны бастау мерзімін нақты сол келісімшарт басталған күннен белгілеу көзделген.