НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жыл басынан бері 6 объект сатылды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары 93%-ке орындалды. 2020 жылы 74 объектіні сату жоспарланып отыр. Оның ішінде 38-і сатылымға қойылды. Есепті кезеңде 88,4 млрд теңгеге 6 объекті сатылды. Сауда-саттықта 32 объекті тұр», - деді министр Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, 5 объекті қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді. 18 объекті жыл соңына дейін сатуға қойылады.
«13 объект бойынша іске асыру мерзімі 2021-2024 жылдарға ауыстырылды», - деді Е. Жамаубаев.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.