Жекешелендіру: 45 нысан сатуға қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік активтерді басқаруға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 675 объектіні сату көзделген. Есепті кезеңде сомасы 57 млрд теңгеге 244 объект сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді», - деді Е. Жамаубаев.

Осы орайда ол 45 нысан сатылуға қойылғанын айтты.

«51 объекті қайта ұйымдастырылды және таратылды. 335 нысансату алдындағы дайындықта тұр», - деді министр.