АСТАНА. ҚазАқпарат – Жекешелендіру жоспары аясында 33 нысан сатылуға қойылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 669 нысанды сату көзделген. Есепті кезеңде 312 млрд теңге сомасына 368 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді», - деді Ерұлан Жамаубаев.
Оның дерегінше, 33 нысан сатылуға қойылды.
«62 нысан қайта ұйымдастырылды және таратылды. 206 нысан сату алдындағы дайындықта тұр», - деді Қаржы министрі.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.