«Өткен 11 айда 10,1 трлн теңгеге мемлекеттік сатып алу рәсімі камералық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша 806 млрд теңге болатын бұзушылықтар ескертілді. Аудит нысандары қызметінің тиімділігін жетілдіріп, арттыру үшін 1 712 ұсыным берілді. Оның ішінде 1 339-і орындалды», - деді Е. Жамаубаев Үкімет отырысында.
2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары 93%-ке орындалды. 2020 жылы 76 нысанды сату жоспарлануда. Оның 37-сі сатылымға шығарылды.
Сонымен бірге, жыл басынан бері 100,9 млрд теңге сомасында 8 нысан сатылды, 29 нысан сатылымда тұр.
«7 нысан қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді. 10 нысан жыл соңына дейін сатуға қойылады. 20 нысан бойынша іске асыру мерзімі 2021-2024 жылдарға ауыстырылды. 2 нысан бойынша Жекешелендірудің кешенді жоспарынан алып тастау туралы ұсыныс мақұлданды» - дейді Қаржы министрі.