«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 675 объектіні сату көзделген. Есепті кезеңде сомасы 57 млрд теңгеге 245 объект сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді», - деді вице-премьер.
Оның сөзіне қарағанда, қазір 48 объект сатуға қойылған.
«Тағы 52 объект қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді. 330 объектіні сату алдындағы дайындық жүріп жатыр», - деді Ерұлан Жамаубаев.