«Мен өте мықты қарсыласпен жекпе-жекке шығайын деп жатырмын. Жақсы өнер көрсетеміз деген үміттемін және елге жеңіспен оралатыныма сенемін», - деп жазған Қ. Хамитов.
Оның қарсыласы шынында да осал емес. Жекпе-жек өнерінің белгілі шебері - Лоуен Тайнанес (АҚШ). Ол кезінде Филипп Эномото (Felipe Enomoto), Вусиле Колосса (Vuyisile Colossa), Эдуард Фолаянг (Eduard Folayang) секілді спортшыларды тізе бүктірген.
Жекпе-жекті ресейлік «Боец» телеарнасынан және www.oneppv.com сайты арқылы онлайн жүйесінде Астана уақыты бойынша 17:00-де тамашалауға болады.
Айта кетелік, ONE FC - 2011 жылы Сингапурде құрылған әлемге белгілі азиялық спорт ұйымы.