Жекпе-жектен жеңіліп көрмеген қазақстандық ару Мәскеуде өнер көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ешқашан жеңіліп көрмеген қазақстандық жекпе-жек шебері Меруерт Ибраева Open FC лигасында жеңіл салмақта титулдық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Меруерт осыған дейін үш жекпе-жекке шығып, үшеуінде де мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Кездесулердің үшеуін де қазақстандық спортшы Octagon лигасында өткізді. Оның ендігі қарсыласы Дария Железнякова болады. Ол 5-0 рекордымен лига жұлдыздарының біріне айналған қыз. Оның үшеуін мерзімінен бұрын аяқтап, жеңіске, жетті. Кездесу 19 желтоқсан күні Мәскеуде өтеді.