Жексенбі елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз өтеді
01:34, 17 Қыркүйек 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 қыркүйек күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстік-шығыс бөлігінің кей жерлерінде тұман күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарында 15-20 м/с екпінде жел соғады,
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында түнде және таңертең тұман болжанады.
Күндіз Павлодар облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артатыны күтіледі.