Жексенбі күні Алматы қаласының маңында жер сілкінді

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Алматы қаласының маңында жер сілкінді.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының (ҚР БҒМ ҒК СТӘС) мәліметінше, К-8,7 энергетикалық қуатымен жер сілкінісі Қазақстан Республикасының аумағында 21 тамыз күні 22 сағат 36 минутта болды. Зілзаланың кіндігі Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 66 шақырым жерде орналасты. МСК-64 бағаны бойынша 2-3 балл қуатымен жер асты дүмпулері Алматы облысы Іле ауданы Күрті кентінде сезілді.

ҚР БҒМ ҒМ СТӘЭ-нан хабарлағандай, жер сілкінісі сенбі, 20 тамыз күні де болды. Сағат 11.31-де К=11,3 энергетикалық қуатымен Қазақстан мен Қырғызстан Республикаларының шекарасында болған зілзаланың кіндігі Алматы қаласынан оңтүтсік-батысқа қарай 460 шақырым жерде орналасты. Жер асты дүмпулерін MSK-64 бағаны бойынша 2-3 балл дәрежесімен Тараз қаласының тұрғындары байқады.

Құтқарушылар анықтағандай, екі жер сілкінісінен құрбандар мен зардап шеккендер болған жоқ.