Жексенбі күні Алматы маңында жер сілкінді

None
АСТАНА. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат - Қарашаның 29-ы күні Қазақстан Республикасының аумағында жер сілкінісі болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Сейсмология институтының мәліметіне сәйкес, жексенбі күні сағат 14.01-де Алатаудың Күнгей жотасының солтүстік баурайында К=9,0 энергетикалық дәрежесімен жер сілкінісі болды.

ТЖМ-ның хабарлауынша, жер сілкінісінің кіндігі Алматының оңтүстік-шығысында, шығысқа қарай 110 шақырым жерде орналасты. Жер асты дүмпулері Күрметі (3 балл) және Саты (2-3 балл) ауылдарында сезілді.

«Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпараттар түскен жоқ», - делінген баспасөз баяндамада.