деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Сейсмология институтының мәліметіне сәйкес, жексенбі күні сағат 14.01-де Алатаудың Күнгей жотасының солтүстік баурайында К=9,0 энергетикалық дәрежесімен жер сілкінісі болды.
ТЖМ-ның хабарлауынша, жер сілкінісінің кіндігі Алматының оңтүстік-шығысында, шығысқа қарай 110 шақырым жерде орналасты. Жер асты дүмпулері Күрметі (3 балл) және Саты (2-3 балл) ауылдарында сезілді.
«Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпараттар түскен жоқ», - делінген баспасөз баяндамада.