Жаңадан бой көтерген монша Есіл ауданы, Тұран көшесі,19 мекен-жайында орналасқан. Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, өрт кешеннің екінші қабатында орналасқан булану бөлмесінен шыққан. Жалынның шарпыған аумағы 25 шаршы метрді құрады.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, 200 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп анықтайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Тілсіз жау ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің жеке құрамдағы 98 адамы мен 27 техникасының күшімен 2 жарым сағаттан кейін ауыздықталды.