Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысында желдің күші 15-20 м/с-қа дейін барады, боран соғып, көктайғақ болады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылода облыстарында жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с болады. Ақмола мен Ақтөбе облыстарында көктайғақ болуы мүмкін. Жамбыл облысында найзағай ойнайды, жел 16-21 м/с екпінмен соғады. Қостанай облысында да түнде және таңертең қатты жел, тұман, көктайғақ болады. Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с екпінмен соғып, тұман түседі.