Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Талдықорған, Тараз, Шымкент қалаларындағы метеорологиялық жағдайлар атмосферада зиянды заттардың қалыптасуына ықпал етеді.
Жайсыз метеорологиялық жағдайларға атмосфералық ауаның жерүсті қабатында зиянды заттардың қалыптасуына ықпал ететін қысқа мерзімдегі метеорологиялық жағдайлар (әлсіз жел, тұман, инверсия) жатады. Мұндай жағдай қалыптасқанда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы төмендейді.
Ауаның ластануын айқындайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайға (жел,жауын-шашын, қар, ылғалдылық, ауа температурасы) болжам жасау болып табылады.