Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 /с күшейеді, шаңды дауылмен. Ақмола, Атырау, күндіз Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман болады. Түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жекеленген аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман, күндіз көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с болады.