Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және күндіз кей жерлерде жауын жауады.
Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Бұршақ жауып жел күшеюі мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, соңы шаңды дауылға ұласуы мүмкін. Қарағанды облысында күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде және таң ата тұман түседі.
Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысы мен Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде күн қатты ысиды.