Жексенбі күні Қазақстанның оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркіреп, жел күшейеді. Республиканың қалған аумағында күн ашық болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Алматы, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, күн күркірейді.

Қостанай облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.