Жексенбі күні республиканың басым бөлігінде бұрқасын болады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген аймақтары фронтальды бөліктердің ықпалында болғандықтан, кей жерлерінде жауын-шашын болып, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, тек батыста, солтүстік-батыс пен солтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, бұрқасынмен қатар жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерінде жел соғады, күші 15-20 м/с. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, жел соғады, күші 15-20 м/с. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман болып, Жалаңашкөл ауданында жел соғады, күші 18-23, күндіз екпіні 28 м/с. Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.