Жексенбі күні республиканың басым бөлігінде қатты жел соғады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 қаңтар, желтоқсан күні республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады, тұман түседі, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Қостанай, Ақмола обыстарында желдің күші 15-20 м/с болып, кей жерлерде боран соғады, күндіз кейбір аймақтарда көктайғақ болады.

Алматы облысының бірқатар жерлерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с-қа дейін барады. Жамбыл, ОҚО, Қызылорда облыстарында тұман, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с. Атырау, БҚО, Ақтөбе обыстарының бірқатар аймақтарында боран соғып, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады. СҚО, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с боатын жел соғып, бұрқасын болады. Павлодар облысының кейбір аймақтарында боран болады, желдің күші 17-22 м/с болады. Маңғыстау облысында көктайғақ болады деп күтілуде.