Солтүстік өңірдің және солтүстік-батыстың кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Алматы облысында шаңды дауылмен. Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай күтіледі, түнде кей жерлерінде тұман байқалады, таңертен және күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Жамбыл, Атырау облыстарында, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Жамбыл облыстарының, Оңтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.