Жамбыл обылысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болып, тұман түседі. Батыс Қазақстанда тұман, көктайғақ, екпіні 15-20 м/с жел соғып, бұрқасын болады. Қызылорда облысының бірқатар аймақтарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағандыда, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстанда, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Атырау облысының бірқатар өңірлерінде көктайғақ болып, тұман түседі.