Жексенбі күні Туризм және спорт министрлігінде өрт болды - ТЖМ

АСТАНА. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат - ҚР Туризм және спорт министрлігінде өрт болды,

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, ақпанның 14-і күні түнгі сағат 03.19-да (Сарыарқа ауданы, Абай көшесі,33 «А») Туризм және спорт министрлігінің екінші қабатында орналасқан кабинеттердің бірінде өрт шыққан. Жалынның шарпыған аумағы 5 шаршы метрді құрады.

Құтқарушылардың сөзіне қарағанда, электрмен жылыту құралы мен кеңсе жиһаздары жанған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жау негізгі құрам келгенге дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы бойынша ТЖД-ның өртке қарсы бекетінің инспекторлық құрамымен 11 минутта ауыздықталды.