Бұл күні республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшеюі, найзағай, дауыл, бұршақ, шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, желдің 15-20 м/с күшеюі, ал күндіз шаңды дауыл күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман, күндіз найзағай жарқылдап, бұршақ түсуі мүмкін.
Қызылорда, Түркістан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі.
Жамбыл, түнде және таңертең Алматы облыстарында кей жерлерде тұман, Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қостанай, күндіз Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз күн күркіреп, найзағай ойнайды.